Дауыс беру

Кітап оқығанды ұнатасыз ба, ұнатсаңыз қандай жанрды?












Кітапханалық афиша

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов

Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы

    Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы Ақмола облысындағы Алексеевка ауданының «Трудовое» селосында шаруа семьясында туған. Қазақ, КПСС мүшесі.
    1942 жылы тамызда Қызыл Армия қатарына шақырылады да, 1943 жылдың маусымынан бастап майданда болады. Кубаньды, Донбасты, сондай-ақ Украинаның оң жағалауын азат етуге қатысады. Қызыл Жұлдыз және ІІ-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
    Кеңес Одағының Батыры атағы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумның 1945 жылғы 27 ақпандағы Жарлығымен берілген. Бұл күнде генерал-майор Сағадат Нұрмағамбетов Кеңес Армиясында қызмет атқарып жүр.
    1945 жылы 14 қаңтарда 1052-атқыштар полкі 301-атқыштар дивизиясының бірінші эшелонында болып, шабуыл жасап бара жатты. Алдарында Пилица өзені кесе-көлденең кезігіп кедергі жасаған шақта, жауынгер Висладағы Магнушевск плацдармынан 30 километрдей ілгерілеп те кеткен еді. Бақытқа қарай, өзеннің мұзы мызғымастай қалың еді. Капитан Нұрмағамбетовтың пулемет ротасы майор Емельяновтың батальонының құрамында болды. Гитлершілердің алғы шебі жайылма жағаға аттың тағасы тәрізденіп төбегеорналасқан-ды. жау біздің бөлімшелерді табиғаттың өзі әдейі құрып қойғандай «қақпанға» беттейді ғой деп ойлаған жоқ, сол себепті де жайылманың тұсына ешқандай да тосқауыл қоймаған.
    Атқыштар ротасы мен Нұрмағамбетовтың пулеметшілері түнде білдірмей ғана өзеннен де, жайылмадан да өтіп алды, жау оларды тек траншеяның алдына келгенде бір-ақ көрді, бірақ қарсыласып үлгермей, қолайлы шептерінен қаша жөнелді.
    Кеңес жауынгерлері табысқа мастанған жоқ, дереу жаудың қарсы шабуылын тойтаруға әзірлене бастады. Жау да көп күттірмеді. Гитлершілер өлген-тірілгендеріне қарамастан өршелене ұмтылып, өздері айырылып қалған шепті қайтып алмақ болып екі рет шабуыл жасады. Немістің бір танкісі тұп-тура пулемет расчетының атыс ұясына беттеді. Мұны көрген Нұрмағамбетов өз жауынгерлеріне жүгірді, бәрі бірлесіп пулеметті окопқа түсірді. Танк окоптың үстінен өтіп кеткен шақта, Сағадат орнынан атып тұрды да, танкінің бензин багына үсті-үстіне гранат лақтырды. Танк қара түтінге оранып жана бастады. Ал шайқас әлі жүріп жатқан. Міне, станокты пулеметтердің бірінің нышанасы саптан шығып қалды. Капитан Нұрмағамбетов «Максимнің» құлағын өзі ұстады да, оқты бората жөнелді.  Оның дәл көздеп атқан оғы фашистің 65 жауынгері мен офицерін жер жастандырды. Пулемет ротасы участогінде жау 120 адамынан тек өлідей айырылды. Пулеметшілер атқыштар тобына көмектесе отырып, жаудың 12 атыс ұясының үнін өшірді. Жау төтеп бере алмай, кейін шегінді. Пилица өзенінің сол жағалауындағы плацдарм қолдан шығарылмады. Полк шабуылын жалғастыра берді.

Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, 7 том
«Тарихи тұлғалар» кітабы


 


Кітапхана жаңалықтары
19 Желтоқсан 2012
Кітапханадағы кездесу
Талай боздақтың қаны төгіліп, жастарға жазықсыз жапа шектірген Желтоқсан оқиғасына биыл 26 жыл толды. Ширек ғасыр өтсе де, қанды
 
13 Желтоқсан 2012
«Азаттықтың ақ таңы» кеші.
Ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы армандаған асқақ арманы - тәуелсіздік, тарихымызда алтын әріппен жазылған желтоқсан оқиғасымен келгені
6 Желтоқсан 2012
Балалар әдебиетінің шоқжұлдызы
   5 желтоқсан 2012 жылы А.Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасында  бар ғұмырын бөбектер бақытын жырлауға арнаған аяулы ақын Жақан Смақовтың 80-
 
5 Желтоқсан 2012
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» көлемді ашық кітап көрмесі.
  30  қарашада А.Гайдар атындағы қалалық орталық  балалар кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты  көлемді ашық кітап көрмесі  ұйымдастырылып, қойылған кітаптарға библиографиялық
30 Қараша 2012
Дөңгелек үстел «Жастар Елбасына теңеледі»
 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні елімізде алғаш рет аталып өткелі отыр. Осыған орай 2012 жылдың 29 қараша күні С.Сейфуллин атындағы
 
20 Қараша 2012
«Дорога на Коунрад» кеші.
Михаил Русаков.  Балқаш өңіріне  танымал есім. Атақты Қоңырат, Саяқ кен орындарының ашылымдары осы есіммен байланысты.    
9 Қараша 2012
«Махаббат, қызық мол жылдар» дөңгелек үстелі
Биыл 2012 жылы ҚР халық жазушысы, «Даңқ», «Құрмет белгісі» ордендерінің, бірнеше халықаралық сыйлықтардың иегері, «Махаббат жыршысы» Ә.Нұршайықовтың туғанына
 
9 Қараша 2012
Еске алу кеші «Естен кетпес отты жылдар»
7 қараша күні С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Естен кетпес отты жылдар» атты еске алу кеші өтті.  
25 Қазан 2012
Ұлтым деп соққан ұлы жүрек
24 қазан 2012 жылы А.Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасында  халқымыздың біртуар перзенті, қазақтың қайсар ұлы, аса көрнекті патриот ақын Мұхтар
 
23 Қазан 2012
«Мақал –сөз мәйегі» зияткерлік сайысы
Қазіргі ұрпақтың  өмір тәжірибесі аз, сондықтан оған айтатын ақыл-насихат, өнеге-өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болу


Үкіметтік қорлар


Таратулар

"Балқаш қаласының орталықтандырылған кiтапхана жyйесi" ММ




 

 



Cайт бойынша іздеу

Доллар США
 
183.52
Евро
 
246.72
Российский рубль
 
5.23

Прогноз погоды

Караганда
 
+20
Балхаш
 
+13
2010 © "Балқаш қаласының орталықтандырылған кiтапхана жyйесi" ММ
cbss@list.ru
Әзірлеген және қолдаған:
«Creatida» Интернет-компаниясы