Дауыс беру

Кітап оқығанды ұнатасыз ба, ұнатсаңыз қандай жанрды?












Кітапханалық афиша

ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАР

ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАР (Fаlсоnіfоrmеs) — құстардың бір отряды. Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында тараған. Қазақстанда 2 тұқымдасы (сұңқар, қыран),14 туысы, 38 түрі бар, 29 түрі ұялайды. Ең кішкене жыртқыш құстардың (ергежейлі сұңқар) салмағы 50 г, ең ірісінікі (калифорния құмайы) 12 кг болады. Калифорния құмайының жайған қанаты 3 м-ге дейін жетеді. Шәулісі, әдетте, ұябасарынан ірілеу болады. Бұлардың арасындағы жыныстық айырмашылық кейбір жыртқыш құстарда (күйкентай, құладын)айқын көрінеді. Жыртқыш құстардың қыстап қалатын және қайтып кететін түрлері бар. Олар жерден тез көтеріліп, мәнерлеп, көпшілік түрлері қалықтап ұшады. Негізінен, моногамды (басыбайлы жұп құрады) құстар, ұясын қатарынан бірнеше жыл пайдаланады. Ұясын ағаш басына, жартас қуысына, құрақарасына салады. Ірі түрлері (қыран, құмай)1-3-тен, ұсақтары (бөктергі, тұйғын)4-7-ден жұмыртқа салады. Оны шәулісі мен ұябасары кезектесіп басады, балапандарын да екеулеп асырайды. Қорегін іздеуі, жемінің құрамы жыртқыш құстардың әр түрінде әр түрлі болады. Көпшілігі етпен қоректенеді. Негізінен, зиянды кемірушілермен, кейбір түрлері өлексемен қоректеніп, қоршаған ортаны тазартып, пайда келтіреді. Жыртқыш құстардың біраз түрі (ителгі, лашын, бүркіт, жылан жегіш қыран, ақ сұңқар, аққұйрықты субүркіт,т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

 

Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық энциклопедия [Мәтін] / Бас редакторы Ә. Нысанбаев. - Алматы: "Қазақ энцклопедиясының" Бас редакциясы, 2002. - 720 б.
4 том. - Алматы: "Қазақ энцклопедиясының" Бас редакциясы, 2002.


Кітапхана жаңалықтары
19 Желтоқсан 2012
Кітапханадағы кездесу
Талай боздақтың қаны төгіліп, жастарға жазықсыз жапа шектірген Желтоқсан оқиғасына биыл 26 жыл толды. Ширек ғасыр өтсе де, қанды
 
13 Желтоқсан 2012
«Азаттықтың ақ таңы» кеші.
Ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы армандаған асқақ арманы - тәуелсіздік, тарихымызда алтын әріппен жазылған желтоқсан оқиғасымен келгені
6 Желтоқсан 2012
Балалар әдебиетінің шоқжұлдызы
   5 желтоқсан 2012 жылы А.Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасында  бар ғұмырын бөбектер бақытын жырлауға арнаған аяулы ақын Жақан Смақовтың 80-
 
5 Желтоқсан 2012
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» көлемді ашық кітап көрмесі.
  30  қарашада А.Гайдар атындағы қалалық орталық  балалар кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты  көлемді ашық кітап көрмесі  ұйымдастырылып, қойылған кітаптарға библиографиялық
30 Қараша 2012
Дөңгелек үстел «Жастар Елбасына теңеледі»
 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні елімізде алғаш рет аталып өткелі отыр. Осыған орай 2012 жылдың 29 қараша күні С.Сейфуллин атындағы
 
20 Қараша 2012
«Дорога на Коунрад» кеші.
Михаил Русаков.  Балқаш өңіріне  танымал есім. Атақты Қоңырат, Саяқ кен орындарының ашылымдары осы есіммен байланысты.    
9 Қараша 2012
«Махаббат, қызық мол жылдар» дөңгелек үстелі
Биыл 2012 жылы ҚР халық жазушысы, «Даңқ», «Құрмет белгісі» ордендерінің, бірнеше халықаралық сыйлықтардың иегері, «Махаббат жыршысы» Ә.Нұршайықовтың туғанына
 
9 Қараша 2012
Еске алу кеші «Естен кетпес отты жылдар»
7 қараша күні С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Естен кетпес отты жылдар» атты еске алу кеші өтті.  
25 Қазан 2012
Ұлтым деп соққан ұлы жүрек
24 қазан 2012 жылы А.Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасында  халқымыздың біртуар перзенті, қазақтың қайсар ұлы, аса көрнекті патриот ақын Мұхтар
 
23 Қазан 2012
«Мақал –сөз мәйегі» зияткерлік сайысы
Қазіргі ұрпақтың  өмір тәжірибесі аз, сондықтан оған айтатын ақыл-насихат, өнеге-өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болу


Үкіметтік қорлар


Таратулар

"Балқаш қаласының орталықтандырылған кiтапхана жyйесi" ММ




 

 



Cайт бойынша іздеу

Доллар США
 
182.00
Евро
 
241.50
Российский рубль
 
5.01

Прогноз погоды

Караганда
 
+22
Балхаш
 
+26
2010 © "Балқаш қаласының орталықтандырылған кiтапхана жyйесi" ММ
cbss@list.ru
Әзірлеген және қолдаған:
«Creatida» Интернет-компаниясы